Forbes Американың ең бай 400 адамының тізімін жариялады. Ең дәулетті адамдар қатарында Илан Маск көш бастап тұрса, Трамп бұл тізімнің соңғы орындарына да ілінбеген.
АҚШ-тың ең бай 400 мың адамы өткен жылы 500 миллиард доллар жоғалтқаннан кейін, дәулетін қайта қалпына келтіріп алды. Олардың байлығының жалпы жиынтығы бүгінде 4,5 триллион долларды құрайды. Бұл рекорд 2021 жылы орнатылған болатын. Жалпы, бұл табыстың жартысынан көбі технология қорларының қалпына келуі есебінен өскен. Бұл өсімнің 30%-ы Эллисон, Цукерберг, Хуанг және Делл сынды төрт технологиялық магнаттарға тиесілі.
Американың 400 бай адамдарының тізіміне дәулеті 2,9 млрд доллардан асатын магнаттардың ғана есімі енген. Сол үшін...