Ресейлік Сбербанк қазақстандық банк карталарына нөмір арқылы ақша аудару функциясын тағы да бұғаттап тастады. Frank Media басылымының жазуынша, бұл жағдай осы айда екінші рет қайталанып отыр.
Басылым оның қызметкерлері Қазақстандағы банктер шығарған халықаралық Visa және Mastercard төлем жүйелеріне қосылған карта нөмірлеріне бір күн бұрын қаражатты оңай аударған. Атап айтқанда, ForteBank пен Банк центкредит карталарындағы шотқа ақша аударған. Алайда ертеңіне бұл функция істемей қалған.
Сбербанк бұл қызмет үшін аударым сомасының 1%-ы көлемінде комиссия ұстап отырған. Ал аударылатын қаражат сомасының шегі 30-1500 рубльдің арасын құраған. Ал транзакцияның максималды сомасы 300 мың рубль шегінде бекітілген. Ақша аударымдарын жүзеге асыру үрдіс...