Астана қаласында өткен жыл сайынғы «DigitalBridge» халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші телекоммуникациялық компаниялары «Қазақтелеком» мен «AzerTelecom» Каспий теңізінің табанымен талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жобасы бойынша стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар бұл құжат екі елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретініне, екі мемлекеттегі желілердің қол жетімділігі мен өткізу қабілетін арттыру бағытында жаңа нарықтық мүмкіндіктерді ашуға ықпал ететініне сенімді.
Құжат «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жобасының шеңберінде екі оператордың стратегиялық әріптестігін көздейді. Айта кету керек, бұл жоба Қазақстан мен Әзірбайжан арқылы Еуропа мен Азия арасында Цифрлық жаңа телекоммуникациялық дәліз құруды көздейтін «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бір бөлігі болып табылады.
Қос телеком-оператордың өкілдері электр байланысының халықаралық қызметтерін көрсету бойынша екіжақты бизнесті одан әрі дамытуға, ек...