Мәскеудің Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әзірлеген «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Іс-шара Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтіп жатыр деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінен.
«Кейінгі 34 жылда Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі алғаш рет өтіп отыр. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің картиналары «Крымский вал» галереясында ең соңғы рет 1991 жылдың тамызында қойылған еді. Сондықтан бүгінгі экспозицияны біз Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы жарқын оқиға әрі жаңа белес деп бағалаймыз», – деді көрме туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейін...