Маңғыстау облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңге болатын жер учаскеллерін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жайлы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га құрайтын 94 жер учаскелері, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды», делінген баспасөз хабарламасында.
Қайтарылған жерлер арасында жағалау аймақтары да бар. Жағалау маңында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңгені құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылған. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді де мемлекет меншігіне қайтарған.Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге болатын «OilRealEstate» ЖШС-не тиесілі 225 гектар жер телімі қайтарылды.