Қара теңіз аймағындағы шиеленістің күшеюіне қарамастан, биржадағы саудада бидай бағасы арзандай бастады, деп жазады Bloomberg.
Бұған статистика дәлел. Мәселен, Чикагодағы бидай фьючерстерінің құны шамамен 0,45%-ға төмендеп, бір бушель үшін 6,13 долларды құрады. 14 тамызда да баға 1,9%-ға төмендеген еді. Сарапшылар бұған Қара теңіздегі жағдайлар ықпал еткенін айтуда.
Еске сала кетсек, 13 тамыз күні таңертең Ресей әскерилері Қара теңізде Измаил портына бара жатқан жүк кемесін тоқтату үшін ескерту оқ жаудырған. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«13 тамыз күні таңертең Қара теңіз флотының «Василий Быков» патрульдік кемесі Палау туы астында Украинаның Измаил портына...