«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-нің 50% үлесін «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ пайдасына сату бойынша корпоративтік рәсімдердің соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшылығымен кездесті. Келіссөз барысында тараптар ынтымақтастық мәселесі мен алдағы жұмыс бағытын талқылады, сондай-ақ, Каспий теңізінің қайраңында орналасқан «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы бойынша ортақ іс-қимыл туралы пікір алмасты.
«Біз «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС үлесінің 50%-ын «ЛУКОЙЛ» компаниясына беру бойынша корпоративтік рәсімдердің соңғы кезеңіне келдік. Тараптар өзара түсіністік орнатқанын және келіссөз барысында компаниялар ұстанымына қатысты келіспеушілік болмағанын атап өту керек...