Қазақстан Ресей тарапынан да, Өзбекстан тарапынан «үш жақты газ одағын» құру туралы ұсыныс алған жоқ. Мұндай бастама көтерген Мәскеу. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді.
Оның мәліметінше Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын 2022 жылдың қарашасында РФ жариялаған.
«Бұл ретте ресейлік және өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ. Бұл елдермен газ саласындағы ынтымақтастық екіжақты форматта өзара тиімді серіктестік негізінде жүзеге асырылады», деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі.
Оның дерегінше, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінде ресейлік газды Өзбекстан Республикасы бағытында транзиттеу мүмкіндігі бар. Сондықтан да...