Алматыда Қазақстан мен шетелдің белгілі кәсіпкерлері қатысатын New Vision 2025 деген форум өтіп жатыр. Форум ұйымдастырушылары жиын 9-11 қазан аралығында 10 мыңнан астам адамның басын қосады деп отыр. Форумға әлемдік бестселлерлер авторы Робин Шарма келген.
Сонымен қатар Booking.com және Priceline.com негізін қалаған, жаһандық цифрлы сауданың бастауында тұрған Джефф Хоффман шақырылған. Алматыға сондай-ақ Electronic Arts негізін қалаған және видео-ойын индустриясын миллиардтаған нарыққа айналдырған Трип Хокинс; Waze және Moovit жасаушысы Ури Левин, Warner Bros. және Disney Studios бұрынғы президенті, продюсер Макс Ховард, TED сахнасындағы миллиондаған көрермен жинаған бизнес-кеңесші Джулиан Трежер және Deep Fission энергетика компаниясының басшысы Элизабет Мюллер келед...