Қазақстанда құрылыс жобаларын тексеру процесі жеңілдей түсті. «Мемсараптама» кәсіпорны жобалау құжаттарын автоматты түрде тексеретін жасанды интеллект модулін іске қосты. Енді сараптамаға түсетін барлық жоба, ең алдымен, осы жүйенің сүзгісінен өтеді.
Жаңа цифрлық шешімнің арқасында құжаттарды алдын ала тексеру мерзімі бұрынғыдай 5 жұмыс күні емес, 2 тәулік қана уақытты алады. Бұл тапсырыс берушілерге қателер мен ескертулерді бірден біліп, өңдеуге жіберуге немесе құжаттар дұрыс болса, сараптаманың келесі кезеңіне тезірек өтуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект не істейді?
Жүйе құжаттардың толық жиналғанын, рұқсат қағаздарының мерзімі өтіп кетпегенін, олардың дәл осы жобаға қатысы бар-жоғын және талаптарға сәйкестігін адамның қатысуынсыз-ақ тез тексеріп шығады. Ол үшін компьютерлік көру, мәтінд...