Әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп ұлғаяды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Дегенмен, 2026 жылы зейнетке шығу ережесі өзгеріссіз қалатыны белгілі болды. Ерлер 63 жасында, әйелдер 61 жасында зейнетақыға шыға алады.
БЖЗҚ ақпаратына қарағанда, әйелдердің зейнетке шығу жасы ақырындап ұлғая береді. 2031 жылға қарай нәзік жандылар да 63 жастан шығатын болады.
«Зейнет жасы – көптеген елдерде талқыланатын маңызды тақырып. Қазақстан да бұл мәселеден тыс емес. Әлемдік экономикалық және демографиялық өзгерістер жағдайында зейнет жасын арттыру халықаралық тәжірибеге айналып келеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы мен қарттардың көбеюі жұмыс істейтін азаматтарға түсетін салмақты арттырады...