Фото: kursiv.media
Маусым айында еуро валютасы қолданылатын 20 елде инфляция 5,5%-ға дейін төмендеді. Бұл жайлы Еuronews жазды.
Инфляция төмендегенімен, бұл жағдай пайыздық мөлшерлеменің көтерілуіне кедергі болмайды.
Өткен жылдың қазан айында Еуропадағы жылдық инфляция рекордтық 10,6%-ға көтерілген. Ал қазір бұл көрсеткіш екі есе төмендеп, экономикалық жағдай қалпына келе бастады. Дей тұрғанмен, азық-түлік бағасының өсімі 11,7% деңгейінде әлі жоғары болып тұр. Азық-түлік бағасының өсуіне электр энергиясы мен жұмыс күшінің қымбаттауы себеп болған. Сонымен бірге Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты дағдарыс өз әсерін тигізді.
Сонымен қатар, ЕуроОдақ елдердің реттеушілері инфляция 2 пайыздық деңгейге жеткенше негізгі мөлшерлемелерді көтеруді жалғастыра беретіндерін айтқан...