9 қазан, бейсенбі күні, Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты доғаруға келіскен соң, әлем нарығында мұнай арзандай бастады. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,77%-ға төмендеп, бір баррелінің құны 65,86 долларға дейін түсті.
Америкалық West Texas Intermediate маркалы мұнай фьючерстері де 0,88%-ға арзандап, оның бір баррелінің бағасы 62 долларға дейін төмендеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС атысты жоғаруға, кепілге алынған адамдарды босатуға келісті деп мәлімдеді. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бейбіт келісімді мақұлдау үшін бейсенбі күні үкімет отырысын өткізетінін айтты.
Reuters мәліметінше, Газа секторындағы соғыс мұнай бағасының жоғары болуына әсер етіп келген. Өйткені инвесторлар соғыстың бүкіл Таяу...