Freedom Bank Екінші деңгейдегі басқа банктермен (ЕДБ) қатар бүкіл Қазақстан бойынша пайдаланушыларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) және eGov порталында әмбебап QR көмегімен мемлекеттік қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік беретін сервистің бір бөлігіне айналды.
Freedom SuperApp клиенттері үшін әмбебап QR көмегімен eGov порталында, сондай-ақ ХҚКО-да барлық ақылы қызметтерге ақы төлеу қолжетімді. Бұл сервисті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (КЕАҚ) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп іске асырды.
Төлем жасау үшін бірнеше қадамдарды орындау жеткілікті:
Freedom SuperApp ашу; басты бетте QR таңдау; QR-кодты ХҚКО қызметкерінің мониторында немесе eGov порталында сканерлеу; төлем үшін шотты таңдап, төлемді растау.«Мемлекеттік корпорация мен ҰАТ АҚ әріптестеріне...