Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауда көлемі өткен жылы рекордтық деңгейге, 38%-ға артып, $40 млрд. құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы Қазақстаннан Еуродақ елдеріне экспорт $32,4 млрд. құрады. Ал, ЕО-дан елімізге импорт $7,6 млрд. Биылғы алғашқы 3 айда өзара сауда көлемі 12,5%-ға артып, $10,2 млрд. құрады.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Еуроодақ елдеріне экспортты 175 тауар түріне дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жағдайда тауар айналымы тағы $2 млрд. артады» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан мен ЕуроОдақ Орталық Азия елдерінде Халықаралық сауда орталығы іске асырып жатқан Ready4Trade-Central Asia жобасы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал...