Түркияда 14 мамыр, жексенбіде 28-ші шақырылымдағы парламент және президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.
Сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады.
Елде барлығы 191 885 дауыс беру жәшігі орнатылды.
Түркияда және шетелде 64,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді. 4,9 миллионға жуық адам бірінші рет дауыс беріп жатыр.
Сайлаушылар жеке басын куәландыратын ресми құжаттардың бірімен дауыс бере алады.
Сайлаушыларға 2 бюллетень беріледі: президент пен депутаттар үшін. Сайлаушылар екі бөлек бюллетеньді бір конвертке салып, дауыс беру жәшігіне салуы тиіс.
Түркия ОСК ақпан айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен 11 провинцияда дауыс беру үшін қажетті шаралар қабылдады. Бұл...