Фото: kursiv.media
Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 750-800 млн АҚШ доллары сатылады деп болжап отыр. Өткен айда Ұлттық қордан 600 млн АҚШ доллар сатылған немесе күніне 30 млн АҚШ доллардан аспаған. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып өтті.
Сәуір айында БЖЗҚ үшін валюта сатып алу 240 млн АҚШ долларын құрады. Мамыр айында зейнетақы активтері үшін сатып алуды сол – 200-250 млн АҚШ доллары деңгейінде жалғасады.
«Сәуір валюта нарығы орташа құбылмалылықпен сипатталды. Теңге бағамы 453,21-ге дейін 0,1%-ға аздап әлсіреді. Теңге бағамы нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасты. Ұлттық Банк интервенция жүргізген жо...