Тиісті бэкграундсыз, курс оқып, бағдарламалаушы болу мүмкін бе? Көп орталықтың ішінен сапалысын қалай таңдау керек? Олар классикалық университетке бәсекелес пе, әлде серіктес пе? IT саласына сұраныс артқан сайын ұсыныс та көбейді. Осы тақырыпты DAR University директоры, жоғары білім беру саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар Гүлиза Бөлекбаевамен талқыладық.
– Гүлиза Хайроллақызы, университетте сабақ беруден мол тәжірибеңіз бар. Еліміздегі IT саласының жағдайынан да хабардарсыз. Отандық оқу орындарындағы білім сапасы қандай? Бәсекеге қабілетті деп айта аламыз ба?
– Академиялық ортадан бизнеске ауысқан кезімде мұндағы талап пен қажет басқаша екенін байқадым. Классикалық университеттің міндеті — студентті жан-жақты етіп шығару. Мысалы, философия, әлеуметтану оқытылады. Оны...