Фото: kursiv.media
Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің қорытындысын шығарды.
Есепке сенсек, халықтың әл-ауқатына елдегі макроэкономикалық жағдай өз әсерін тигізген. Мәселен, ақшалай табыс азық-түлік тауарларына көп жұмсалатын болған. Бұл көрсеткіш 41%-дан 60%-ға дейін көтерілген. Сонымен бірге орташа тағайындалған зейнетақының орташа жалақыға қатысты үлесі 29% құраған. Ал халықтың тұрғын үй сатып алу үшін жинақтау қабілеті өте төмен екені анықталған, оның мерзімі шамамен 11-15 жылды құрайды. Халықтың денсаулық сақтауға жұмсалатын жеке шығыстарының деңгейі 30%-дан көп екен. Сонымен бірге халыққа кәсіпкерлік емес мақсаттарға берілетін кредит көлемі 1 жылда 30%-ға артқан. Осы жағдайлар елдегі экономикалық ахуалға...