Фото: kursiv.media
Он жерден керемет идея болса да, кейде оларды іске асыру қиын болып жатады. Өйткені жүзеге асырған кезде оны жан-жақты зерттеп, артықшылығы мен кемшілігін таразылап алу қажет. Сол тұрғыдан алып қарағанда әр стартапшыны зерттеуші десек болады. Ол іске асатын, табыс әкелетін, әрмен қарай ісі дөңгелеп кететіндей бизнес-модель іздейді. Бүгінгі материалымызда бизнес бастаған кезде қандай қадамдардан бастау керегін айтамыз.
Өзіңізден бастаңыз. Стартап деген — ұзақ жол. Ол аяққа тұрып кету үшін бір жыл емес, бірнеше жыл керек болуы мүмкін. Сондықтан ең бірінші кезекте сіздің идеяңыз өзіңізді алға сүйрейтін, мотивациясы жойылмайтындай болуы шарт. Айналаңызда қандай проблема бар? Оны шешуге сізд...