Түрік актері Бурак Өзчевит Маңғыстау тұрғындарымен кездесіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді. Ең танымал сұрақтардың бірі оның қазақстандық киноға түсуі болды.
Облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Бурак Өзчевит кездесуде қазақстандық кинематографистермен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген.
«Соңғы жеті жылда түсірілген менің телехикаям жақын арада аяқталады. Осы жобадан кейін менде жаңа шығармашылық жоспарлар бар. Егер Қазақстан тарапынан ұсыныстар келіп түссе, мен оларды қарауға дайынмын. Болашақта жақсы бірлескен жобалар пайда болады деп сенемін», — деп атап өтті «Керемет ғасыр»жұлдызы.
Сондай-ақ Бурак Өзчевит түркі қайраткері Қорқыттың есімімен байланысты фестивальдің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі фестиваль ерекше...