Астанада жыл сайынғы Jüregımnıñ Jenımpazy фестивалінің өтуіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Шара жексенбі, 9 тамызда өтеді. Осыған байланысты:
сағат 7.00-ден 08.05-ке дейін – Түркістан көшесінің Abu Dhabi Plaza ғимаратына қарай бағыттағы бір жолағы бойынша; сағат 7.00-ден 07.40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылында толығымен; сағат 7.10-нан 09.15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бойымен ЭКСПО алаңындағы мәреге қарай бағыттағы бір жолағы бойынша қозғалыс шектеледі.«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Ауқымды шараның өткізілуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Jüregımnıñ Jenımpazy – Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық жүгіру жарыстарының бірі. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған...