Талғарда ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді деген ақпарат тарады. Алматы облысы полициясының хабарлауынша, оқиға отбасы-тұрмыстық жанжал кезінде болған.
Содан кейін адамдар тобы жасаған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады жергілікті полиция.
Адвокат Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, екі әйел ұйықтап жатқан ер адамға 30 шақты рет пышақ сұққан.
«Әйелі күйеуіне айтпай, жылқысын сатып жіберген. Содан кейін ер адам әйелдің үстінен полицияға шағымданған. Әйел соған ренжіп, анасымен...