Атырау облысында салынатын «Бутадиен» зауытының құрылысын қытайлық Sinopeс холдингінің еншілес компаниясы жүргізетін болды. Бұл туралы Олег Червинский телеграм-арнасында жазады.
Бұған дейін осы жобамен ресейлік «Татнефть» айналысқан еді. Бірақ компания биыл қаңтар айында үлесін «Самұрық-Қазына» қорына сатып, жобадан толық шығып кетті.
eGov деректері бойынша, «Татнефть» 2025 жылы 29 қаңтарға дейін «Бутадиеннің» негізгі иесі болған. Ал 30 қаңтарда қатысушылар құрамы өзгеріп, компанияның орнына «SSAP» ЖШС кірген.
Жаңа келісім бойынша, Sinopec корпорациясының екі еншілес кәсіпорны зауыттағы негізгі технологиялық қондырғыларды салуға жауапты болады.
Олардың бірі бутанды бөлу мен бутадиен алу нысандарын тұрғызса, екіншісі синтетикалық каучукт...