Қазақстанның қаржы «қауіпсіздік жастығы – Ұлттық қордың әр көрсеткіші» ел экономикасының айнасы іспетті. 2026 жылдың 6 айында елдегі мұнай өндірісінің азаюы мемлекеттік резервті айналып өтпегенін көрсетті. Мұнай өндірісі мен экспорт көлемінің қысқаруы, сонымен қатар валюта бағамының құбылуы Ұлттық қорға түсетін қаржы ағынын азайтты. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің Кursiv.Мedia ресми сауалына берген жауабында жазылған.
6 айда қанша қаржы түсті
2026 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сәйкес, қорға 6 ай ішінде 1,807 трлн теңге қаржы түскен.
Бұл ретте мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде 1,860 трлн теңге...