2026 жылғы шілдеде Қазақстанда азық-түлік бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға өсті. Бағаның қымбаттауы әсіресе күнделікті тұтынатын ет өнімдері мен жұмыртқада анық байқалды.
.food-inflation-flourish { width: calc(100% - 340px); max-width: 100%; margin-left: 0; margin-right: auto; overflow: hidden; box-sizing: border-box; font-family: Inter, "Segoe UI", Arial, sans-serif; } .food-inflation-flourish *, .food-inflation-flourish *::before, .food-inflation-flourish *::after { box-sizing: border-box; } .food-inflation-flourish .flourish-embed { width: 100%; max-width: 100%; margin: 0; overflow: hidden; } .food-inflation-flourish iframe { display: block; width: 100% !important; max-width: 100% !important; border: 0; } .food-inflation-flourish img { display: block; width: 100%; height: auto; } @media (max-width: 900px) { .food-inflation-flourish { width...Жаңалықтар
ExxonMobil компаниясы Қазақстанда мұнай-газ жобаларын ары қарай дамуға ниетті. Бұл жайында ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амман ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездеуі барысында мәлімдеген.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос тарап өзекті ынтымақтастық мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын, сондай-ақ инвестиция салу мәселесін талқылаған.
«Дэн Амманн ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегіне қатысты жоспарларын ұсынып, компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді қатысуын сақтауға ниетті екенін растады», – делінген хабарлама.
Жиын барысында заманауи технологияларды енгізу, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінген.
ExxonMobil – Қазақстан энергетикасына 1993 жылдан бері инвестиция...
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиден» өтсе, плей-оффта Грекия чемпионы АЕК-пен кездеседі.
Еуропаның басты клубтық турнирінің плей-офф кезеңіне шығу үшін алматылық ұжым әуелі болгариялық қарсыласынан басым түсуге тиіс. Осы межеден сәтті өткен жағдайда грекиялық клубпен екі кездесу өткізеді.
Алғашқы матч 18 немесе 19 тамыз күні Алматыда, ал қарымта кездесу 25–26 тамыз Грекия астанасы Афинада өтеді деп жоспарларған. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алады.
Айта кетейік, «Қайрат» 4 тамыз күні алдымен Болгарияның астанасы Софияда жергілікті «Левски» командасымен ойнайса, 11 тамыз күні Түркістанда қарымта кездесу өткізеді.
Шығыс Еуропа елдері Дунай өзенінің тарылуы салдарымен күресіп жатыр. Мәселен, Румыния суды АЭС-ке бұру үшін тау қопарса, Венгрия атом станциясын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Бухарест 28 шілдеде «Чернаводэ» румын АЭС-інің жұмысын ішінара тоқтатқан. Өйткені Еуропа одағындағы ең ірі өзен – Дунай суы тартылып, атом электр станциясын суытуға қажетті су жетпей қалған.
Мәселені шешу үшін армия дүйсенбі күні 180 келі жарылғыш затпен өзен ағысын бөгеп тұрған жартасты жарды. Сол арқылы су электр станциясына баратын арнаға қарай бұрылады.
Румыния билігі бұнымен тоқтамайды. Сәрсенбі күні жергілікті үкімет іші тасқа толы төрт баржаны өзенге батырады. Жасанды бөгет Дунай ағысын «Чернаводэге» қарай бұрады.
Бұл уақытта...
«Мәтен петролиум» мұнай компаниясы 2025 жылғы таза пайдасынан акцинерлеріне дивиденд төлемейтін болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған.
Компания былтыр 24,7 млрд теңге таза пайда тапқан. Акционерлердің шешімімен тапқан табыс компания иелегінде қалмақ.
Атырау облысында мұнай өндіретін компания негізі 2010 жылы қаланған. Былтыр компания табысын арттырып, таза пайдасын 12, 1 млрд теңгеден 24,7 млрд теңгеге дейін жеткізіп, екі еселеді.
Кәсіпорынның түпкі иесі – қытай азаматы Хуэй Линг. Ол Sino-Science Netherlands Energy Group B.V компаниясы арқылы 99,9 пайыз акциясын иеленсе, ал миллиардер Бахаридин Аблазимов 0,9 пайыз иеленеді.
Бахаридин Аблазимов – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 35-орында тұр. Оны...
Қазақстандағы 23 банк маусымда халыққа 4 трлн теңгеден аса кредит берген. Бұл 2025 жылдың маусым айымен салыстырғанда 18,7 пайызға артық. Бұл несиенің басым бөлігін бизнес емес, қарапайым халық алған.
Қаржы нарағын реттеу және дамыту агенттігінің дерегіне сәйкес, маусым айының нәтижесінде банктер берген кредит жалпы 42 трлн теңгеге жетіп қалған. Бұл несиенің 25,8 трлн теңгесі – халықтың алған қарызы. Бұның ішінде 17,3 трлн теңгесі – тұтынушылық несие.
Өткен айда халықтың кепілсіз несие мен ипотекаға деген сұранысы артқан. Маусымда рәсімделген ипотека көлемі 2 пайызға жуық өсіп, жалпы 7,4 трлн теңгеге жеткен.
Ал бизнестің мойнындағы несиесі 16,1 трлн теңгеге жетті. Бұл...
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 4-6 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер өтеді.
«Суық ауа массаларымен толыққан циклон өзімен бірге күннің күркіреуі мен жаңбыр алып келеді. Солтүстік және орталық өңірлерде толассыз жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде термометр бағаны күндіз +22…+27 градусты көрсетеді, ал шығыста аптап ыстық +33…+38 градус аптап ыстықтан +27…+32 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер бүгін елде дауылды ескерту жариялады. Болжам бойынша, Астана, Шымкент және Қазақстанның барлық...
2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 70 жылдан кейін алғаш рет Амур жолбарысының Үміт атты ұрғашысы табиғи мекеніне жіберілді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі әрі «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Чуйченко, сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.
«Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет ол өзінің тарихи мекеніне қайта жіберілді. Бұл – мемлекетіміздің, ресейлік әріптестеріміздің, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің көп...
Бір жарым жылдан бері баласын іздеп жүрген АҚШ азаматы Гарро Гийом Жозеф тағыда Алматыға келіп, енді баласы табылмайынша, Қазақстаннан кетпейтінін мәлімдеді.
АҚШ азаматы мен қорғаушысы өткізген баспасөз мәслихатында қашып жүрген бұрынғы әйелі 2026 жылғы 24 шілдеде ұсталып, артынша қашып кеткенін хабарлады.
Гарро Гийом Жозеф іздеу шаралары бір жарым жылға жуық уақыт сәтсіз жүріп, іске АҚШ елшілігі араласқан соң нәтиже бергенін айтады. Алматы полициясы бұрынғы әйелі Сана Онаева мен баласын тауып, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген. Алайда Онаева сол жаққа жедел жәрдем шақыртып, артынша жедел жәрдем көлігінен қашып кеткен. АҚШ азаматы бұл жерде жемқорлық әрекеті болуы мүмкін деген күдігін жеткізді. Бүгінде...
Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның «Қызыма тілек» әнінің сөзі қалай жазылғанын Данияр Алдабергенов баяндады. Ақын қызын ұзатқалы отырған ана мағыналы өлеңді төрт рет қайта жаздырғанын айтты.
Айтыскер ақын мағынасы терең өлең ұзақ жазылғанын, Жорабаеваның көңілінен шығу оңайға түспегенін мойындады.
«Ұзақ жазған өлең болды. Ана мен қыздың арасындағы байланысты, сыйластықты, қимастық сезімді қалай әнге сыйдыруға болады деп біраз ойландым», – дейді Алдабергенов.
«Қызыма тілек» әнін Алтынай Жорабаева қызы Айнараны ұзату тойында орындады. Жаңа туынды көпшілік көңілінен шығып, хитке айналды. Әнші әр сөздің мағынасына терең үңілген.
«Бірнеше нұсқа ұсындым. Алтынай...
Қазақстан 2026 жылдың 6 айында уран өндірісін 9 пайызға арттырған. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік нәтижесінде жазылған.
Компания дерегіне сәйкес, елдегі уран өндірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып, 13 291 тоннаға жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсетекіш 12 242 тонна болған еді.
Өндіріс көлемінің өсуі 2026 жылға арналған жоспармен байланысты. Бұл шешім компанияның болжамы және жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясындағы міндеттемелерге сәйкес қабылданған.
Осы орайда «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылға арналған жалпы өндірістік жоспарын қайта растады. Компания жыл соңына дейін 27 500 – 29 000 тонна аралығында уран өндіруд...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.
Ақорда таратқан ресми мәліметке қарағанда, мемлекет басшысы телекөпір барысында көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екенін айтты. Президент «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында 800 шақырымдық түбегейлі жаңа жолдың құрылысы басталғанын жариялады.
«Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады», – дейді Тоқаев.
Оның айтуынша, жаңа жол Қытайдан...
Өскемен қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз есірткі айналымының жолын кесті. Арнайы операция «Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асырылды.
Жеке тінту кезінде 91 орам табылды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікпен 18 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктілерді жеке тінту процесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ішіне тыйым салынған заттар салынған 91 түйіншек (орам) тәркілеп алды.
Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың қауіпті психотроптық және есірткі құралдары екенін растады. Нақтырақ айтқанда:
Мефедрон: 25,29 грамм; α-PVP: 27,21 грамм; Каннабис шайыры: 6,24 грамм.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тәркіленген заттарды...
2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың шілде аралығында Қазақстан 13,9 млн тоннаға астық пен ұн экспорттады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, көрсеткіш өткен маусыммен салыстырғанда 12,6%-ға өскен. Бір жыл бұрын шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген еді.
Өсімнің басты қозғаушы күші Орталық Азия аймағындағы дәстүрлі импортер елдер мен Ауғанстан болды.
«Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, ал Түркіменстанға 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады», – делінген АШМ хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, жүк тасымалыны...
2026 жылдың маусым айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне азаматтар мен түрлі компаниялардан 16,4 мың өтініш түскен. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 24,2%-ға артық. Шағымның басым бөлігі бөлігі банктер (47,9%), микроқаржы ұйымдары (34,4%) мен коллекторлық агенттіктердің (9,1%) үстінен түскен.
Тұрғындар негізінен несие қарызын реттеу (45%), заңды түсіндіру (15%) және түрлі мәселелер бойынша кеңес алу (11%) үшін жүгінген.
Нәтижесінде агенттік қаржы нарығының өкілдеріне 20 ұсынымдық шара қолданды, 6 жазбаша нұсқама берді және 22 хаттама бойынша жалпы сомасы 9,6 млн теңгеге 24 әкімшілік айыппұл салды.
Соның ішінде банктерге 1 нұсқама, 7 ұсынымдық шара мен...
Қазақстанда инфляция біртіндеп төмендеп келеді. 2026 жылғы шілдеде тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 10,2%-ға өсті.
Жыл басында жылдық инфляция 12,2% болған еді. Ақпанда ол 11,7%-ға, наурызда 11%-ға, сәуірде 10,6%-ға, мамырда 10,4%-ға, шілде айында 10,3%-ға дейін баяулады. Яғни инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді.
.jaisandar-flourish-29864661 { width: calc(100% - 340px); max-width: 100%; margin-left: 0; margin-right: auto; overflow: hidden; box-sizing: border-box; } .jaisandar-flourish-29864661 .flourish-embed { width: 100% !important; max-width: 100% !important; margin: 0 !important; overflow: hidden; } .jaisandar-flourish-29864661 iframe { width: 100% !important; max-width: 100% !important; border: 0; } @media (max-width: 900px) { .jaisandar-flourish-29864661 { width: 100%; max-width...Қазақстан банктерінің 2026 жылғы алғашқы жартыжылдықтағы нәтижелері нарықтағы айырмашылықтың айқын ұлғайғанын көрсетеді. Бірқатар банк табысын еселеп өсірсе, кейбір қаржы ұйымдарының көрсеткіші өткен кезеңнен едәуір төмендеген.
Ең жоғары өсімді Freedom Bank сақтап отыр. Банктің көрсеткіші бүкіл алты айда да 100%-дан жоғары болып, маусымда өсім 147%-ды құрады. ADCB Islamic Bank те оң динамика көрсетті: маусымдағы өсім 62,6%-ға жетті.
Отбасы банктің нәтижесі ерекше назар аудартады. Қаңтарда көрсеткіш 45,8%-ға төмендегенімен, мамырда өсімге шығып, маусымда 35,5%-ға жеткен. Home Credit Bank пен Bank of China Kazakhstan да жартыжылдық соңында теріс аймақтан шығып, тиісінше 4,5% және 4% өсім көрсетті.
Ал ірі банктер арасында жағдай әртүрл...
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «ауқымды» соққыларды тоқтатқаннан кейін, Тегеранмен жаңа келіссөздер дүйсенбіде басталатынын мәлімдеді. Алайда Иран тарапы келіссөздердің өтетін күнін де, оған дайын екенін де әлі ресми түрде растаған жоқ.
Трамптың мәлімдемелері
Президенттік Air Force One бортында журналистермен тілдескен Дональд Трамп Иран тарапы шабуылдың ауқымын білгенін жеткізді:
«Олар дайындалып жатқан соққының ауқымын білді, өйткені бәрін өз көздерімен көрді. Біз қазір олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Кездесу ертең түстен кейін басталады», – деді АҚШ басшысы.
Бұған дейін Трамп Truth әлеуметтік желісінде Иран мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастары негізгі шарттар келісілгендіктен, кез келген әскери шабуылдан...
Елде резидентураға қабылдау тәртібі жаңарды. 2026 жылы резидентураға қабылдау алғаш рет бірыңғай электрондық платформа арқылы жүзеге асады деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Резидентураға қабылдау туралы шешімді енді адам емес, автоматтандырылған рейтингтеу жүйесі қабылдайды. Министрлік жаңашылдық барлық түлекке тең жағдай жасап, білім беру гранттарын бөлуді барынша ашық етеді деп отыр.
Конкурстық балл қалай саналады?
Кандидаттарды бағалау кезінде екі көрсеткіш тең үлесте ескеріледі:
GPA – оқудың барлық кезеңіндегі академиялық үлгерім; тәуелсіз қорытынды аттестаттау (ТҚА) нәтижесі.Министрлік мұндай тәсіл бір ғана емтиханда көрсетілген білім деңгейін емес, болашақ дәрігердің бүкіл оқу кезеңіндегі даярлық сапасын бағалауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.
Сонымен қатар...
Астана мен Бейжің бірлескен әуе компаниясын құруы мүмкін. Ұсыныс көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен «Urumqi Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Чжан Лян кездесуінде талқыланды.
Жаңа рейстер
Жүздесу барысында Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа – Алматы бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстер ашу жоспары сөз болды.
Ластаев Өскемен және Семей қалаларына, сонымен бірге алдағы уақытта Зайсан мен Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға рейс ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Бастама туризмді дамытуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп есептейді Көлік министрлігі.
Бірлескен...
Chevron компаниясының бас атқарушы директоры Майк Вирт Каспий мұнай құбырының (КҚК) қайта-қайта тоқтауы Қазақстандағы бірқатар ірі мұнай-газ жобаларының болашағына тікелей қауіп төндіреді деп мәлімдеген.
КҚК – Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын ең негізгі әрі экономикалық тұрғыдан ең тиімді бағыт. Жылдар бойы еліміз экспортайтын шикізаттың 80%-ы осы құбыр арқылы Қара теңіздегі Новороссийск портына дейін жеткізіліп келді.
Құбыр арқылы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі кен орындарында өндірілген мұнайы шетел нарығына шығарылады.
Chevron Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі болғандықтан (Теңізшевройл жобасының 50% үлескері), компания КҚК арқылы экспорттың үздіксіз әрі қауіпсіз өтуіне барынша мүдделі.
Майк Вирт түйткілді шешу үшін Chevron компаниясы Қазақстан...
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) ресми түрде супер орта салмаққа (76,2 келі / 168 lbs) өтіп, жаңа дивизионның WBO рейтингінде бірден 2-ші орынға жайғасты.
WBO рейтингі
Жаңартылған WBO рейтингінің көш басында бокс әлемінің басты жұлдыздарының бірі орныққан:
Чемпион: Хамза Шираз (Ұлыбритания) 1-орын: Сауль «Канело» Альварес (Мексика) 2-орын: Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 3-орын: Диего Пачеко (АҚШ) 4-орын: Якоб Банк (Дания)Рейтингте бірден екінші орынға шығу Жәнібектің жаңа салмақта да міндетті үміткер мәртебесін тез арада алып, титулдық жекпе-жекке қол жеткізу мүмкіндігі өте жоғары екенін көрсетеді.
Супер орта салмақтың басты чемпиондары мен әлеуетт...
Басты рөлді Том Холланд сомдаған «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмі әлемдік прокатта бір аптада 927 млн доллар жинап кассалық рекорд орнатты. Бұл қаражаттың 355 млн доллары АҚШ пен Канада, ал 572 млн доллары халықаралық нарық, оның ішінде 121 млн доллары Қытайдан түскен деп жазады DW басылымы.
Аталған туынды Солтүстік Америкадағы 2026 жылдың ең табысты премьерасына айналды. Тізімнің басында «Кек алушылар: Финал» (2019) фильмі тұр. Бұл фильм жаңа туындыдан бары-жоғы 2 миллион долларға артық табыс көрген.
Сондай-ақ «Өрмекші-адам: Жаңа күн» Солтүстік Америкада коронавирус пандемиясы басталғалы бері тіркелген ең үздік бастапқы түсімді көрсетті.
Фильмнің бұл табысы, әсіресе, көрермендердің суперқаһармандар туралы кинодан жалыға...
Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойында журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы жолдасы, актер Сәбит Әбдіхалықов не себепті қуанышты сәтте бой көрсетпегенін айтты.
Әншінің айтуынша, қыздары бұған дейін де әкесінің үйіне барып, жағдайын сұрап тұрған. Алайда биологиялық әкесі тарапынан ешқандай қамқорлық пен хабар-ошар болмаған соң, араласуды тоқтатқан.
«Басында қыздар барып жүрді, үйіне де барды, жағдайын сұрап тұрды. Өзі сұрамағаннан кейін, біз оған қайта-қайта бара берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Өзі іздемесе, көмектеспесе, жағдайын сұрамаса, біз оған жалына бермейміз», – дейді өнер иесі.
Сонымен қатар Алтынай Жорабаева қазіргі жолдасы Әлішердің қыздарына көрсетіп жатқан әкелік махаббаты...