АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін беделді турнир – BNP Paribas Open жарысының жекелей сыны бойынша жеребе тартылып, қазақстандық теннисшілердің турнирлік кестедегі орны анықталды.
Қазақстанның бірінші ракеткалары – Елена Рыбакина (3) мен Александр Бублик (10) алғашқы айналымда ойыннан босатылды.
Рыбакина кіммен ойнайды?
Әйелдер арасындағы сында үшінші нөмірмен тіркелген Рыбакина 1/32 финалда колумбиялық Эмилиана Аранго (108) немесе америкалық Хэйли Бэптист (43) теннисшілерінің біріне қарсы кортқа шығады.
Елена Арангомен бұған дейін кездескен емес. Ал Бэптисті өткен жылы Монреальдегі хард жабындысындағы турнирде 6:4, 6:3 есебімен ұтқан.
Турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасқан қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенкомен тек финалда ғана жолығуы мүмкін...