Көп адам жаттығуды жеңіл салмақтан бастағанды жөн көреді. 1,5 келілік гантельмен де бұлшықет жұмыс істеп, денеде өзгеріс болады деп ойлайды. Бірақ аз салмақпен шын мәнінде дене пішінін өзгертіп, бұлшықет өсіруге бола ма? Бұл сұраққа фитнес жаттықтырушысы Лера Логунова жауап берді.
1,5 кг қашан әсер етеді
«Егер сіз жаттығуды енді бастап жүрсеңіз және бұған дейін мүлде спортпен айналыспаған болсаңыз, 1,5 кг жақсы бастама. Ол әлсіз бұлшықеттерді іске қосуға, байламдарды нығайтуға, жүйке-бұлшықет байланысын жақсартуға және жаттығу техникасын қауіпсіз қалыптастыруға көмектеседі», – дейді маман.
Жаттықтырушының айтуынша, мұндай жағдайда шағын бұлшықет топтарына бағытталған оқшауланған жаттығулар орындалады...