Қызмет барысында басына кондиционер құлап қайтыс болған Ұлдана Мырзуанның күйеуі қайтадан шаңырақ көтерді. Марқұм фельдшердің қазасынан 8 ай өтер-өтпестен Әділет Зейнелдің қайта үйленуі көпшілік талқысына түсті.
Әлеуметтік желілерде Әділет Зейнелдің ұзату тойда жас жұбайлар ретінде отырған видеосы тарады. Көпшілік оның бұл әрекетін түсінбей, сынап жатыр.
«8 айда әйелінің топырағы да кебіп үлгермеді ғой… Жатқан жері жайлы болсын, 8 айдан кейін күйеуге шығып кеткен жесір әйелді әлі көрмеппін», – деп жазады желі қолданушысы.
Кейбір желі пайдаланушылары Әділеттің 8 ай ішінде қалай жаңадан қыз тауып алғанына таңданыс білдіреді.