Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы төрт күн бойы ауыз сусыз отырғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті тұрғындар қатты ыстық кезінде сусыз қалғандарына наразылық білдіруде.
«ҚазАқпарат» жазуынша, халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін Жаңақала су құбыры желісінде апат болған. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.
Қазір мамандар резервуарларды толтырумен айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 1 200 текше метр су жиналды, қосымша тағы 750 текше метр жиналды. Сыйымдылығы шамамен 50%-ға толды.
Мамандардың болжамы бойынша, таяу бір-екі күнде резервуарлар толық толтырылады, содан кейін су беру штаттық режимге ауысуы тиіс. Осы кезеңде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су келес...