Хьюстон қаласында өткен CERAWeek халықаралық конференциясы аясында Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен АҚШ Энергетика министрі Кристофер Райт екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздердің басты тақырыбы жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, жаңа экспорттық бағыттарды дамыту және инвестициялық байланыстарды күшейту болды.
32 жылдық серіктестік пен 60 млрд доллар инвестиция
Тараптар екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы 32 жылдық стратегиялық әріптестіктің маңызына тоқталды. Осы уақыт ішінде америкалық компаниялар Қазақстанның энергетика секторына 60 миллиард доллардан астам инвестиция құйған.
«ExxonMobil» және «Chevron» корпорациялары еліміздегі ең ірі үш жоба: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының негізгі серіктестері. Бұл жобалар Қазақстан мұнайының шамамен 70%-ын өндіреді. Министр...