Сауда жасап, кәсіп жүргізіп, ай сайын табыс тауып отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендерге 15 АЕК, яғни 64 875 теңге айыппұл салынып, ескерту беріледі. Бір рет айыппұл салынып, бірақ алдағы бір жыл ішінде кәсіпкердің әлі ресми тіркелмегені анықталса, айыпұл екі есе өседі. Ол кезде кәсіпкерге 30 АЕК, яғни 129 750 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлайды.
Өйткені тауар сату, қызмет көрсету мен істелген жұмыс нәтижесінде алған табыстан салық төлену керек.
Заңға сәйкес, бизнесмен төлемді жеке кәсіпкердің арнайы шоты арқылы қабылдауға және бақылау-касса машинасын қолдануға міндетті.
Ал жеке картаға түскен аударымдарды салық органдары бақылап отыр. Өйткені 2025 жылдан бері банктер...