Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жою және оны көрші елдерге сату мақсатында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында 2029 жылға дейін тозығы жеткен станцияларды ауыстыру және жаңаларын салу үшін 6,2 трлн теңге жұмсалмақ. Энергетика минитрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жалпы есеппен 7,3 ГВт жаңа тоқ көзін өндіруге мүмкіндік береді.
Бұл көлемнің 6 484 МВт-ы жаңадан қосылатын қуат болса, 825 МВт-ы ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға арналған.
Қандай жоба жүзеге асырылып жатыр
Ұлттық жоба 2025 жылдан бастап қолға алынған. Былтыр Текелідегі энергия кешеніне қуаты 36 МВт болатын үш газ-турбиналық қондырғы орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда облысында...