Парламент депутаттары бірінші оқылымда «Алатау қаласының арнайы режимі туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың атап өтуінше, бұл заң жобасы бойынша депутаттар мен комитеттерден 527 ұсыныс келіп түскен.
Жаңа қаланы кім басқарады?
Мәжілісте заң жобасын таныстырған Қанат Бозымбаев қаланы басқару жүйесі туралы түсіндірді. Оның сөзінше, Alatau City Authority стратегиялық дамуға негізделген жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады. Жаңа органның негізгі бағытын премьер‑Министр басқаратын Кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады.
Қаланы басқару жүйесі:
Кеңес – Алатау қаласының жоғары басқару органы. Әкімшілік – қаланың дамуын қамтамасыз ететін және басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Мәслихат – қаланың жергілікті өкілд...