Отбасы банкі Nest Stroy құрылыс компаниясымен пилоттық жобаны іске қосқанын хабарлады. Банк жаңа жоба салымшы қаражаты депозитте жатқан уақытта болашақ пәтерінде тұра беруге мүмкіндік беретінін айтады.
50/50 бағдарламасы үшін жасалған
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Сағындықұлының айтуынша, жоба 50/50 бағдарламасымен пәтерлі болғысы келетіндерге арналған.
«Бұл – жастарға арналған керемет мүмкіндік. Алдымен Nest Stroy компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер таңдайсың. Отбасы банкімен жинақ келісімшартын жасайсың. 6 ай ішінде пәтердің 50 пайызын жинауды бастап, бағалау көрсеткішіңді 5-ке дейін жеткізесің. Осы аралықта өзің таңдаған пәтерде тегін тұра бересің, тек коммуналдық қызмет үшін төлем...