Ыстықкөлде өтетін Formula 1 H2O жарысына әлемге танымал актер Жан-Клод Ван Дамм келеді деп күтілуде.
Kaktus.media ақпаратына қарағанда, бұл туралы Қырғызстанның Су-мотор спорты федерациясының президенті Айбек Абылқасымов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жарысқа Джеки Чан да шақырылған.
«Оған бірнеше рет шақыру жібердік. Алайда жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты оның қатысуы әзірге нақты емес. Бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр. Күтудеміз, бірақ әзірге ешқандай кепілдік бере алмаймыз», – деді ол.
Абылқасымовтың сөзінше, шақыру Криштиану Роналдуға да жолданған. Алайда футболшы әзірге қатысатынын растаған жоқ.
«Дегенмен актер Жан-Клод Ван Даммның келуі күтілуде. Ол үшін Мадридтен арнайы ұшаққа алдын ала...