Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 15 763,8 млрд теңгені құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1% жоғарылады.
Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2,5% өсті. Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 35,6% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64,4%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда фармацевтика тауарлары, мотор отыны, автомобиль, арнайы дүкендердегі жиһаз, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, аяқ киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметика тауарлары мен жеке гигиена керек-жарақтары, сондай-ақ электр құралдары.
2023 жылғы 1 қаңтарға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша...