ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2023 жылғы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,24%-ын немесе 22,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
2023 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат – 949 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 5 313 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 10 818 және 2 100 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 080 жұмыс...