Қазақстанның ең ірі жылу электр орталықтарының бірі – Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру және толық жаңғырту жөніндегі жұмыстар практикалық іске асыру сатысына шықты. Газ станциясын салуға қазан айында жарияланған халықаралық тендерден кейін жобаны қаржыландыру көздеріне қатысты мәселелер шешілді. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 2022 жылғы 25 қарашада Алматыда станция иесі «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту арқылы Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды. Аталған мәміленің сомасы 130 млрд. теңгені құрайды.
Бұған қоса, бүгін АлЭС пен Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) арасында Жобаны...