Түркия Сирия мен Ирактың солтүстігінде күрдтер шоғырланған аудандарға әуеден соққы жасағаннан кейін Сирия мен Германияның Гамбург қаласында өмір сүріп жатқан күрдтер ереуілге шықты. Түркия әскері өткізген әуе операциясы кезінде қару-жарақ қоймасы секілді әр түрлі 89 нысанның көзі жойылды деді,- осы елдің қорғаныс минстрі. Одан бөлек Сирияда 30-дан астам адам қаза болған. Арасында күрд жасақтары, Сирия әскерлері мен қарапайым тұрғындар бар. Тағы ондаған адам жарақат алды. Естеріңізде болса, Түркия билігі бұған дейін қарашаның 13-і күні Ыстамбұлдағы терактіге «Күрдістанның жұмыс партиясының» тікелей қатысы бар деп мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 92,2 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 87,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
– eGov.kz порталында авторизациялану;
– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды...
Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнында 18,9 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.
Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz.
«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.
Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы (ҚАБҚ) берген мәлімет бойынша қазан айында 9 623 техника шықты, бұл былтыр қазандағы нәтижемен салыстырғанда 25,4% көп. Биыл оң айда Қазақстан аумағында жалпы сомасы 902,4 млрд теңге құрайтын 88 064 техника жасалған. Өндіріс көлемі 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы көрсеткіштен 23,6% жоғары. Бұл туралы Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы хабарлады.
Бұған жеңіл автомобиль өндірісі артқаны себеп болған, биыл 80 251 (+29,9%) машина шықты. Одан бөлек елдегі зауыттар 5 916 дана жүк көлігі, 552 тіркеме мен жартылай тіркеме және 363 басқа арнайы техника өндірді. Өнімдері Қазақстанда шығатын ең танымал бес бренд қатарында Chevrolet (31 063 дана), Hyundai (28 863 дана), Kia...
Қазақстан Қырғызстаннан балмұздақ импортын 3,6 есеге арттырды. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде қазақстандықтар көрші елге 519,9 миллион доллардың тауарын сатқан. Биылғы сауданы былтырғымен салыстыратын болсақ, өсім 7,7 пайызды құрап отыр.
Еліміздегі экспорттаушылар Қырғызстанға сусындар, смартфондар, темекі, құс етін және макарон өнімдерін сатты. Бұл тауарларды сату 2,3 есеге өсті.
Елімізге Қырғызстаннан сүт өнімдері (+23,9 пайыз), балмұздақ (3,6 есеге өсім) және темір торлар (өсім 3,5 есе) әкелінеді.
Компанияның пресс-релизіне сәйкес, Қытай Ozon Global негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қытайдан келген сатушылардың саны қазір 10 мыңнан асады, олар әлемдік нарықтағы витрина ассортиментінің 90%-дан астамын құрайды. Сонымен қатар, Қытайдан келетін тауарлар Ozon Global тапсырыстарының жалпы үлесінің шамамен 95% құрайды.
Қытайда өкілдігін ашу арқылы Ozon «Қытайдан 100 000-нан астам сатушыны тартып, 2024 жылға қарай сайттағы жергілікті тауар айналымын 10 есеге арттыруды» жоспарлап отыр.
Қыркүйекте Ozon Global Қытайдан (GBS, Unitrade, Hecny, Eshun, Xingyuan Express, Cainiao арқылы) серіктестік жеткізуді бастады. Қытайдан Ресей Федерациясына тауарларды жеткізу мерзімін екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік берді.
Қазір Ozon Global негізгі бағыттары Қытай, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Үндістан...
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жанынан ашылған сайлау учаскесінде 400-ден астам курсант дауыс беру үшін тіркелген. Оның ішінде 34 курсант алғаш рет сайлауға қатысты.
«Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, – деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.
Оқытушылар құрамы мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатысты.
«Сайлау бекітілген заңнамаға сәйкес өтті. Институттың жеке құрамы белсенділік танытты», – деп атап өтті әскери институт бастығы полковник Кайрат Даутов.
Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде...
Биыл Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы 7 мын 600 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.
Себебі ауыл шаруашылық мақсаттағы аумақ пайдаланылмаған. Мәселеге прокуратурорлар араласқан соң шаруалар өздеріне тиесілі аумақты ерікті түрде өткізіп берді. Соңғы үш жылдық сараптама негізінде аудан аумағындағы 290 мың гектарға жуық жердің бос жатқаны анықталған. Соның 270 мың гектары қабылданған тиісті шаралар нәтижесінде қайта игеріле бастады. Ал, 20 мың гектар жайылым жекеден аудан қорына алынды,-дейді құзырлы орган өкілдері. Тексеріс барысында бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге аспағаны белгілі болды.
«28 инвестициялық жоба бойынша жер бөлінген. Біздің талдау жүргізу қорытындысы бойынша 14 міндеттемелерін орындамағаны белгіл...
Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа сапары барысында exit-poll қорытындысына қатысты пікір білдірді. Бұл турала Tengrinews.kz хабарлады.
Еxit poll қорытындысы жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев штаб мүшелері алдында сөйлеген сөзінде аяқталған сайлау науқанын тарихи деп атады.
«Бұл кез біздің тарихымызда қалары сөзсіз. еxit poll қорытындысы жарияланды. Әрине, біз сайлаудың ресми қорытындысын күтеміз. Соған қарамастан, қазірдің өзінде халық маған сенімді сенім білдірді деп айта аламыз. Елбасы ретінде және баршаңыздың халық сенімі . Ең басты құндылық Халықтың осы сенімін ақтауға тиіспіз. Сондықтан бүгіннен, 21 қарашадан бастап, барлығымыз жұмысқа кірісуіміз керек», – деді Тоқаев.
Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесіне және жолаушылар санына байланысты) екі сағат бұрын басталады. Бұрын тіркеу ұшудан үш сағат бұрын басталатын.
Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни тіркеу 1,5 сағат бұрын басталады.
Ақпарат «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінен алынды
2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ҚР-да жұмыртқа өндірісі 3,8 млрд дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3% артық.
Өңірлер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр: өндіріс 40,7% көбейіп 559,9 млн данаға жетті. Одан кейін Ақмола (555,5 млн жұмыртқа, 7,4% азайған) және Қарағанды (472,9 млн жұмыртқа, 2% азайған) облыстары.
Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар бір жыл бұрынғы 94,4%-бен салыстырғанда қабықтағы жаңа жұмыртқаға сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 96,3% қамтамасыз етті.
Импорт тиісінше ресурстардың 3,7%-ын құрады. Жыл басынан бері елімізге 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінді, бұл өткен жылдың қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда 30,9% аз.
Бұл ретте экспорт, керісінше, 2,2 есе...
20 қарашада Катарда футбол жанкүйерлері үшін 2022 жылдың ең күтілетін спорттық шарасы – Футболдан әлем чемпионаты басталады. Алайда, FIFA тек жанкүйерлердің ғана емес, сонымен қатар іс-шараға жаппай қызығушылық танытып, тез ақша табуға тырысатын кибершабуылдардың да назарын аударады.
«Kaspersky» сарапшылары пайдаланушылардың сәйкестендіру және банктік деректерін ұрлау үшін FIFA 2022 қарсаңында шабуылдаушылар пайдаланатын фишингтік сайттарды талдады. Жалған веб-парақшалардың арасында чемпионат билеттерін, NFT, FIFA ― ға қатысты тауарларды ұсынатын ресурстар, сондай-ақ стримингтік қызметтерге қол жетімділік бар. Төменде ең көп таралған бес схема берілген.
Билеттермен байланысты алаяқтық
Көбінесе жәбірленушілерді тарту үшін тұзақ ретінде зиянкестер әлем чемпионатына жалған билеттерді пайдаланады. FIFA 2022-де ресми түрде тек...
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев заңсыз митингілерді өткізуге қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады. ҚазАқпарат үндеудің толық мәтінін жариялады
Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таратылуда. Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы, бұдан әрі – Заң) олардың осындай акцияларды ұйымдастыруына жол бермеу бекітілген. Егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да...
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 135,8 мың отбасындағы 699,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2022 жылғы 1 қарашада АӘК алушылар қатарындағы1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,4 мың балаға...
Петропавлдың индустриялық аймағында техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында газ баллоны жарылды. 9 адам зардап шекті, 10 көлік зақымданды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Жеңіл көлікке орнатылған газ баллоны жарылған. 101 қызметіне сағат 16 кезінде шақырту түсті. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам «Жедел жәрдем» көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер 100 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтады. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауды, оның ішінде Қордағы жеке зейнетақы шотына жұмыс берушіден жалақыңыздан 10% мөлшерде ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуіне назар аударып отыруыңызды ескертеді. Өкінішке орай, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан өз жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеріп отырғаныңыз артық етпейді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – бұл салымшылардың (алушылардың) заңнамалық бекітілген құқығы және оны төмендегі тәсілдермен алуға болады:
· электрондық:
– БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы;
– Жеке кабинет арқылы;
· тікелей БЖЗҚ кеңсесіне...
Финляндия Украинаға әскери көмектің тағы бір пакетін береді. Бұл соғыс қимылдары басталғаннан кейін фин тарапы үшін рекордтық көлем болады. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
«Республика президенті бұл мәселе бойынша шешім қабылдады», – деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.
Бұл бүгінгі күнге дейін ең үлкен көлемдегі әскери техниканың оныншы партиясы, деді қорғаныс министрі Антти Кайкконен.
Оның айтуынша, «қосымша көмек Украинаның қажеттіліктерін де, Финляндия қорғаныс күштерінің ресурстық жағдайын да ескереді».
Көмек пакетінің құны 55,6 миллион еуроға бағаланып отыр.
Өткен аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген америкалықтардың саны 4000-ға азайып, 222 мыңға жетті, деп хабарлады АҚШ Еңбек министрлігі.
Бір апта бұрын бұл көрсеткіш бұрын хабарланғандай 225 мың емес, 226 мың болған еді.
Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар орташа есеппен 228 мыңға дейін өседі деп болжады, ал Trading Economics респонденттері өткен аптаның бұрын жарияланған деңгейінен өзгеріс күтпеген.
2022 жылғы 16 қарашада «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкі ЕҰ» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «First Heartland Jusan Bank» АҚ болып белгіленді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, қазіргі уақытта салымшы инвестициялық декларацияларымен және комиссиялық сыйақы туралы ақпаратымен таныса отырып, бес инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) арасында таңдау жасай алады. Басқарушы компаниялар туралы барлық деректер көрсетілген ИПБ тізілімі www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Жинақтардың бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде орналастырылған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға ИПБ таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет...
Бельгия күрделі миграциялық дағдарысты бастан кешуде. Тіркеу орталығының алдында әр таң сайын пана іздеушілер ұзын-сонар кезекке тұрады. Балалы отбасылардың өтініштері бірінші кезекте қаралады, бірақ олар үшін босқындарды орналастыру орталықтарында орын жеткіліксіз. Гуманитарлық ұйымдардың күш-жігеріне қарамастан, көптеген келушілер көшеде түнеуге мәжбүр.
«Соңғы күндері біз 15 жасар балаларды, төрт кішкентай баласы бар отбасыларды қараусыз қалғаның көрудеміз. Біз оларға шұғыл көмек көрсетуге тырысамыз. Бірақ әлі күнге дейін үйсіз қалған отбасылар мен кәмелетке толмағандардың саны артуда. Жақын болашақта біз бұл жағдайды шеше алатынымыз екіталай», – дейді Фландрия босқындар кеңесінің үйлестірушісі Хелен Ассельман.
Федералды үкімет босқындарды қабылдау және орналастыру құрылымдарында 32 мың орын бөлді. Қазір...
Сейсмология институтында «Автоматтандырылған ерте хабарлау жүйелері. Сейсмологиялық және сейсмометриялық мониторинг жүйелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға EEW жүйелерінде қолданылатын жабдықтарды сату бойынша аймақтық менеджерлер, компания өкілі, GSL UK өкілі, «Dsis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Павел Пауков және институттың ғылыми қызметкерлері қатысты. Семинар барысында GSL UK өкілі, «Dsis» ЖШҚ бас инженері Павел Пауков Орталық Америкада, Канадада, Иранда, Оңтүстік Кореяда жер сілкінісін ерте хабарлау автоматтандырылған жүйелерінің жобасы аясында енгізілген Earthquake Early Warning (EEW) жүйесін құру және қызметі туралы көпшілікке таныстырды.
«Сейсмологиялық және сейсмометриялық мониторинг жүргізуге арналған ерте хабарлау жүйелері Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан аумақтарында орнатылған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан...
Студенттік өмір – адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Бұл кезде білім кеңістігің, көңіл көкжиегің кеңіп, махаббат пен ғашықтық отының да ыстығына күйіп, жалынына шарпылып жүретінің жасырын емес. Оқу ордасында талай дос тауып, әзілің жарасып, құрбы-құрдаспен күліп-ойнап өтетін күндерің де көп.
17 қараша – Халықаралық студенттер күні. Бұл күн қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде бар сән-салтанатымен тойланады. Алайда, осы бір жалынды жастықтың мейрамы қашан және қайда пайда болғанын білесіздер ме? 1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына жиырма бір жыл болғанын атап өту...
Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялаутуралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Оның айтуына қарағанда, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.
«Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады...