28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді.
«KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және КС207 Астана – Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты. 28 ақпанда Таяу Шығысқа қалған рейстер тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Air Astana жағдайды жіті бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Компания жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды. Себебі ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін...