Қазақстанда инженерлік желілер 60%-ға тозған. Ал бизнес өкілдері мемлекеттің бұл саланы 100 пайыз қаржыландыруы жеке инвестицияны ығыстырады деп есептейді. Экономист Расул Рысмамбетовтың пікірінше, ең дұрысы – мемлекет кепілдік беріп, бастапқы қолдау көрсетуі керек. Бұл туралы ол Kursiv Infrastructure Forum форумы барысында айтты.
Рысмамбетовтың айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік инвестициялар белсенді жүріп жатқандықтан, инфляцияға да әсер еткен. Оның сөзінше, елдегі инфрақұрылым жүйелері ескірген, сондықтан мемлекеттің араласуы заңды. Дегенмен инвестор көзімен қарағанда, әрдайым Қазақстанда жол салу, қойма тұрғызу қаншалықты тиімді, жобаның болашағы қандай деген сұрақ туындайды.
Сарапшы Алматы облысында іске қосылған қойма инфрақұрылымына негізделген «Даму» логистикалық компаниясының тағдырын мысалға келтірді. Бұл жоба қарыз...