Alatau City банкіне тиесілі сервистер жұмысын тоқтата бастады. 25 қыркүйектен бастап енді Alatau City Market маркетплейсі жұмыс істемейді. Бұл туралы компанияға сауал жолдаған «Ручная экономика» телеграм арнасы жазады.
Маркетплейстегі азық-түлік жеткізу, әуе және теміржол билеттерін брондау, кино мен театр билеттерін сатып алу қызметтері қолжетімсіз болады. Банк өкілдерінің айтуынша, қаржы ұйымы алдындағы стратегия өзгергендіктен осындай шешім қабылданған.
«Біз азық-түлік жеткізу сервисінің жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұйғардық. Бұл біздің жаңа басымдықтарымыз бен басқа жобаларды дамыту жоспарымызға байланысты. Осыған орай супермаркет қызметі қазір қолжетімсіз. Қызметті қайта іске қосу жоспарланбайды», – деп атап өтті банктің баспасөз қызметінен.
Alatau...