Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар Қонаевта әйгілі Marriot қонақүйін салмақшы. Бұл туралы облыстық туризм басқармасы хабарлады.
Marriott қонақүйі мен казино
Негізгі инвестор – БАӘ-нің Heritage Investment Holdings компаниясы. Ол Marriott қонақүйі мен казино құрылысына 28 млрд теңге инвестиция салады. 7 гектар аумақты алып жатқан кешенде тек қонақүй ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық орталығы (казино) да болады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен қонақүйдің қазаншұңқырын қазу ісі жүріп жатыр, жалпы нысанның 30 пайызы дайын.
Hilton қонақүйі
Қалада тағы бір бесжұлдызды қонақүй бой көтермек. Бірақ оның құрылысымен араб емес қазақстандық Abli-Entertainment компаниясы айналысады. 5 млрд теңгеге әлемдік Hilton желісінің қонақүйін салып жатыр...