Қазақстанда электрсамокат жүргізушілеріне тротуармен жүруге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін.
«Бақылауды күшейтуге қатысты ұсыныстар ІІМ тарапынан өткен жылы енгізілген болатын. Олардың бірқатары қолдау таппады. Осыған байланысты депутаттармен бірлесіп, тротуармен электрсамокатпен жүруге тыйым салуды көздейтін жаңа түзетулер әзірленді», – деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха үкімет отырысында.
Сондай-ақ ІІМ кикшеринг компанияларының міндеттерін нақтылап, электрсамокаттарды пайдаланудың ережелерін қабылдау құқығын әкімдіктерге беру мәселесін ұсынуда.
«Әкім белгілі бір көшеде жүруге бола ма, болмай ма, қай уақытта жүруге тыйым салуға болады – осының бәрін өзі шешер еді. Аймақтарды да анықтай алар еді. Бірақ депутаттар бұл...