8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған жолдауында Тоқаев жасанды интеллект министрлігін құру туралы тапсырма берді. Жаңа ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі базасында құрылады. Әзірге министрі кім болатыны белгісіз. ЖИ министрлігі қандай мәселемен айналысуы керек? Қандай бағытта жұмыс істейді? Сарапшылардан сұрап көрдік.
Бюрократия азаюы керек
Жасанды интеллект министрлігі құрылады дегенді жаңа ведомство пайда болады деп түсінбеу керек дейді IT-сарапшы Тимур Бектұр.
«Цифрлық даму министрлігі осыған дейінгі атқарып жатқан ЖИ-ге қатысты жұмыстарын жалғастыра береді. Тек назар көбірек бөлінеді деп ойлаймын. Цифрлық даму министрлігінің мамандары тарапынан жалғасын табады деп білемін. Оның үстіне бізде Жасанды...