Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтады.
Министрдің сөзінше, елде отбасы институты нығайып келеді.
«Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды», – дейді Аида Балаева.
Министр сонымен қатар, ажырасу азайып жатқанын жеткізді.
«Соңғы бес жылда олардың саны шамамен 16%-ға төмендеді (2020 жылы – 48,2 мыңнан, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін). Бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды. 2019 жылдан бастап Жоғарғы Сотпен...