Қазақстанда инфляция үдей түсті. Нарық қатысушылары бұл жағдай базалық мөлшерлеме өсіп, теңгенің әлсіреуіне алып келуі мүмкін деп санайды.
Қаржыгелер қауымдастығы сараптамалық орталығының сауалнамасына қатысқан қаржы нарығының кәсіби өкілдері осындай пікір білдірген.
Инфляция және базалық мөлшерлеме
Тамыз айында айлық инфляция 1,0%-ға дейін жеделдеді. Сарапшылар бұған жанармай мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы, теңгенің әлсіреуінен импорт бағасының өсуі, бюджет шығыны мен әлемдік азық-түлік бағасының қымбаттауы ықпал еткенін айтады.
Осыған байланысты қазанда ақша-несие саясатының қатаңдауы мүмкін деген болжамдар күшейді. 10 қазандағы отырыста Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтереді деген пікірдегі сарапшылардың үлесі 22%-дан 40%-ға дейін өсті. Алайда басым бөліг...