Отбасы банк 2025 жылдың қыркүйегінде «Ұмай» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы банк ресми әлеуметтік желі парақшаларында хабарлады.
«Желіде «Умай» бағдарламасы қыркүйекте басталады деген ақпарат тарап жатыр. Нақтылаймыз: бұл шындыққа сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді банк.
Банк бағдарламаның нақты басталу күні әлі белгіленбегенін, ол жөнінде клиенттерге алдын ала ресми сайт пен Instagram арқылы хабарланатынын атап өтті.
Бұған дейін «Ұмай» әйелдер ипотекасы 2025 жылы іске қосылады деп хабарланған. Жаңартылған шарттар бойынша клиенттерге бастапқы да, қайталама да тұрғын үйді сатып алуға болады, тіркеу бойынша шектеу қойылмайды:
бастапқы жарна – 20%, несие сомасыны...