Forbes тізіміне кіретін миллиардер Тимур Құлыбаев негізі мұнай активі – «Каспий-Нефть» компаниясын сатпақ. Компанияға қатысты жасалатын ірі мәміле туралы хабарлама Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған. Құжатқа сәйкес, шешім 28 тамызда қабылданған.
Компанияның хабарлауынша, «Каспий Нефтьке» қатысты ірі мәміле мен мүдделі тараптар арасындағы келісім жасалып жатыр.
Мәміле компания құнының кемінде 10%-ына тең активтердің сатып алынуы немесе сатылуына байланысты. Сонымен қатар келісім 25%-дан астам көлемдегі қарыз алу нұсқасын да қамтуы мүмкін.
5 тамызда «Каспий нефтьтің» жалғыз акционері – Joint Resources компаниясы (оның иесі Тимур Құлыбаев) компанияның өзіне қатысты мәмілені мақұлдаған. Келісімнің мерзімі 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін белгіленген.
Бұл жағдай...